Атырау, 28 қыркүйек 20:30
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Аида Балаева хиджаб, никабқа қатысты сұраққа жауап берді

958 просмотра

Қазақстанда кейбір діни киімдерді киюге шектеулер енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министр журналистің "никаб, хиджаб пен қысқа шалбарға тыйым салына ма?" деген сұрағына жауап берді.

"Бұл нормаларды біз міндетті түрде зерттеп, ұсынатын боламыз. Ең болмағанда қоғамдық орындарға қатысты. Бүкіл әлемде мұндай тәжірибені байқап жүрмін. Өйткені бұл - ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Қоғамдық орындарда беті жабылған адамдарды тану (адамның жеке басын анықтау - еск.) өте қиын. Бұл қоғаммен бірге зерттелетін болады. Ал біз уәкілетті орган ретінде осы бағытта заңнамалық нормаларды қатаң етуге жұмыс істейміз", - деді Аида Балаева ОКҚ брифингінде.

6 қазан 2023, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.