Атырау, 14 қаңтар 10:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Көкшетауда балабақша есепшісі 7 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлаған

890 рет қаралды
Сурет: freepik.com

Көкшетаудағы балабақшалардың бірінде есепші қызметкер екі жылға жуық уақыт бойы меңгерушінің ЭЦҚ кілтін пайдаланып, өзіне заңсыз артық жалақы қосып алып отырған. Осылайша, ол 2021-2022 жылдар аралығында 7 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Сотта күдікті кінәсін мойындап, келтірген залалды ішінара өтеді.

Сонымен қатар, оның кінәсі аудиторлық компанияның қорытындысымен, куәгерлердің айғақтарымен, жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелерімен, төлем тапсырмаларымен расталды.

«Сот үкімімен «Е.»-ге материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырумен, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Келтірілген материалдық залал өндірілді. Сот, сотталушының асырауындағы үш жас баласы бар екенін ескере отырып, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның орындауын 5 жылға кейінге қалдырды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, сот лауазымды тұлғалардың функционалдық міндеттеріне немқұрайлы қарағаны және тиісті бақылаудың жоқтығы үшін білім басқармасы атына жеке қаулы шығарды.

6 қазан 2023, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.