Атырау, 28 қыркүйек 20:33
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

БАҚ 70 пайыз қазақ тілінде ақпарат таратуға көшеді – министр

895 просмотра
Сурет: freepik.com

Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева телерадиохабарлардың қазақ тілінде хабар таратуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жобасы аясында мемлекеттік тілде телерадиоарналарда хабар тарату 50 пайыздан 70 пайызға дейін арттыру ұсынылып отыр. 50/50 болған кез «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңда бұрын, сонау 1999 жылы бекітілгенін ескеру қажет», - деді Аида Балаева.

Министрдің мәліметінше, БАҚ-та мемлекеттік тілде дайындалатын контенттің үлесі 80 пайыздан асты. 

«Қазақстан халқының 80 пайыздан астамы мемлекеттік тілді меңгерген. Осы факторлардың бәрін ескере отырып, мемлекеттік тілдегі телерадио хабарларын тарату көлемін 70 пайызға жеткізу туралы шешім қабылданды. Айта кету керек, көш бірте-бірте түзеледі – 2025 жылдан бастап жыл сайын 5%-ға арттыру көзделген», - деді Мәдениет және ақпарат министрі.

6 қазан 2023, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.