Атырау, 28 қыркүйек 22:19
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Үсік, тұман, жаңбыр: Синоптиктер бүгінге арналған ауа райы болжамын жариялады

873 просмотра
Сурет:azh.kz / Елена Сүндетова

Синоптиктер 2023 жылдың 6 қазанына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, республиканың қалған бөлігінде күн райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

«Республиканың барлық аумағын тұман басады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады, түнде Ақмола облысының орталығы мен шығысында топырақ бетінде -3°C үсік жүреді», – делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлейтті аймақтарында, Қызылорда облыстарының орталығында, шығысында, оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Сонымен бірге, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі бар.

6 қазан 2023, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.