Атырау, 17 қараша 19:34
 бұлттыВ Атырау +1
$ 495.95
€ 524.37
₽ 4.98

Елімізде 4 мыңға жуық дәрігер тапшы – Ғиният

526 просмотра


primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында дәрігерлер жетіспеушілігі жайлы айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy

«Дәрігерлер, оның ішінде аса тапшы мамандықтар бойынша қажеттілікті қамтамасыз ету үшін 2023 жылы республикалық бюджет есебінен шамамен 6 мың білім беру гранты бөлінді. Биыл медициналық жоғары оқу орындарынан шамамен 7 мың дәрігер бітірді. Өңірлердің ақпараты бойынша 3 мыңнан астам денсаулық сақтау маманы жұмысқа орналастырылды. Бұл ретте 601 маманға көтерме ақы бөлінді, тұрғын үймен 384 адам қамтамасыз етілген, өзге де қолдау шаралары 74 маманға көрсетілген», - деп атап өтті ведомство басшысы.

Оның айтуынша, осы жылы үздіксіз интеграцияланған медициналық білім берудің жаңа моделі енгізілген.

«Көпбейінді мамандардың қажеттілігін жабу үшін медициналық мамандықтар бойынша сертификаттау курстарының тізімі кеңейтілді. Алыс және жақын шетел медициналық жоғары орындарының түлектері осы жылдан бастап елімізде денсаулық сақтау саласында маманды сертификаттау рәсіміне қол жеткізе алады. Сондай-ақ тиісті заң қабылданғаннан кейін медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесі енгізіле бастайды. Бұл шаралар пациенттердің құқықтарын қорғауды, медицина қызметкерлерін құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге, дәрігер мамандығына құрмет пен мәртебені көтеруге, сондай-ақ жас буынды денсаулық сақтау саласына тартуға арналған», - деді Ажар Ғиният.

5 қазан 2023, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.