Атырау, 28 қыркүйек 22:20
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Азия ойындары: қазақстандық велошабандоз алтын медаль алды

584 просмотра
olympic.kz

Қазақстандық велошабандоз Евгений Федоров Ханчжоудағы Азия ойындарында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, Евгений Федоров топтық жарыста топ жарды. Ол 207,7 шақырым қашықтықты 4:25:29 уақытта жүріп өтті.

Ал Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Луценко мәреге екінші болып келді.

Айта кетейік, бұған дейін Луценко жекелей жарыста жеңіске жеткен болатын.

«Бүгін еліміздің велоспорты үшін айтулы күн. Велошабандоздарымыз жоғары деңгей көрсетті. Евгенийді Азиаданың алтын медалімен құттықтаймын», - деп атап өтті ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

5 қазан 2023, 14:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.