Атырау, 7 қыркүйек 03:09
 дождьВ Атырау +21.8
$ 456.56
€ 530.52
₽ 5.28

Маңғыстауда жер қойнауын пайдаланушы жауапкершілікке тартылды

713 рет қаралды

Маңғыстауда жер қойнауын пайдаланушы жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Маңғыстау облысының прокуратурасы.

"Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлерінің жаппай шағымдарын ескере отырып, Маңғыстау облысының прокуратурасы «Phystech II» АҚ қызметінде тексеру жүргізді.

Компания қызметінде қызметкерлердің еңбек құқықтарының бірқатар өрескел бұзушылықтары, сондай-ақ экологиялық заңнама талаптарының орындалмауы, мемлекет алдындағы келісімшарттық міндеттемелердің орындалмауы және басқа да кемшіліктер анықталды.

Нәтижесінде, прокуратура қабылдаған шаралар бойынша кәсіпорын мемлекетке 1,2 млрд. теңге сомасына залалды өтеді, сондай-ақ 70 млн.теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұлдарды төледі", - делінген хабарламада.                             

5 қазан 2023, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.