Атырау, 24 желтоқсан 18:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Семейде елес қыз ұсталды

1 424 рет қаралды
freepik.com
22 жастағы Семей тұрғыны қаланың жерасты өткелдерінің бірінде "елес" костюмін киіп, қала тұрғындарын қорқытып жүрді, деп хабарлайды polisia.kz.

Полицейлер қоғамдық жерде қала тұрғындарының тыныштығын бұзып, өтіп бара жатқан адамдарды келбетімен қорқытқан құқық бұзушының жеке басын анықтады.

Оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін материал жиналды. Сот қаулысымен қыз кінәлі деп танылып, 69 000 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Абай облысының полиция департаменті қоғамдық орындарда тәртіп сақтауды және азаматтардың тыныштығын бұзбауды сұрайды.

5 қазан 2023, 09:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.