Атырау, 28 қыркүйек 22:23
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Астана халықаралық әуежайы 11, 16, 18 қазан күндері жөндеуге жабылады

604 просмотра
Сурет: qazaqstan.tv

FLyArystan әуе компаниясы Астана халықаралық әуежайының жөндеу жұмыстарына жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 11 қазан, 16 қазан және 18 қазан күндері 13:20 — 17:20 уақыт аралығында жабылатынын хабарлаймыз. Әуежайдың жабылу себебі — ұшу-қону жолағында жүргізілетін жөндеу жұмыстары» делінген компания хабарламасында. 

FlyArystan рейстері жөндеу жұмысының уақытымен сәйкес келетін жолаушылар үшін альтернативті ұшу күндерін ұсынды.

Ағымдағы ұшу уақыты/күні туралы ақпарат жолаушыларға билет брондау кезінде көрсетілген телефон нөмірі мен электронды поштаға жеке хабарлама арқылы жіберіледі. 

«Бұл өзгеріс әуекомпанияның бақылауынан тыс жағдай екеніне назар аударуыңызды сұраймыз. FlyArystan Астана қаласының әуежайын ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін жұмыстарын қолдайды, бірақ бұл өзгерістер жолаушылар жоспарына әсер ететініне өкініш білдіреді» дейді компаниядан.

FlyArystan өз кезегінде жолаушыларға ыңғайлы уақытты ұсыну мақсатында жаңа ұшу кестесін қарастырып жатыр. 

4 қазан 2023, 17:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.