Атырау, 28 қыркүйек 22:23
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Мәжіліс колледждерде онлайн оқытуға мүмкіндік беретін заң жобасын жұмысқа алды

459 просмотра
freepik.com

Мәжіліс «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Заң жобасын Оқу-ағарту министрлігі дайындаған. Жоба үш мәселені қамтиды. Біріншіден, колледждер үшін онлайн оқу мүмкіндігін беру. Екіншіден, қосымша білім беру ұйымдарын хабарлама беру рәсімдері арқылы ашу. Үшіншіден, жетімдерді қолдау үшін кәсіби отбасы институтын енгізу», - деді депутат.

Аймағамбетов комитеті тиісті қорытындыны әзірлеуге дайын екенін жеткізді.

Мәжіліс депутаттары ұсынылған мәселеге қатысты қаулыға дауыс беріп, оң нәтиже шығарды. Қатысып отырған 91 депутаттың барлығы жақтап, дауыс берді.


4 қазан 2023, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.