Атырау, 28 қыркүйек 22:24
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Тоқаев CNPC компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

698 просмотра
Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев CNPC компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулянды қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан мен China National Petroleum Corporation (CNPC) компаниясының мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дай Хоулянға көмірсутегі кен орындарын барлау және өндіру жұмыстарын жалғастырудың маңыздылығын айтып, Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын арттыру жөніндегі жобаның еліміз үшін мәні зор екенін атап өтті.

Сонымен қатар кездесуде Қытайға газ экспорттауға және Бейнеу – Бозой – Шымкент жаңа газ құбырының желісін салу жобасына, сондай-ақ Қазақстан мұнайының ҚХР-ға экспорт көлемін ұлғайтуға қатысты мәселелер қарастырылды.

3 қазан 2023, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.