Атырау, 9 желтоқсан 07:38
 ашықВ Атырау -6
$ 457.61
€ 493.07
₽ 4.99

Қалааралық такси қызметіне қойылатын талап күшейеді

545 просмотра
freepik.com

Үкімет отырысында Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев қала арасында такси қызметін атқаратын жүргізушілерге талапты күшейту керегін айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Тағы бір бөлек мәселе - заңсыз тасымалдаушылар. Көбіне олар пайда табу үшін тоқтаусыз, ұйқысыз және демалыссыз аймақтар арасында жүреді. Олар пайдаланатын автокөліктер қауіпті, ал жүргізушілер жолаушыларды тасымалдау ережелерінің талаптарын орындамайды», - деді Қожаев.

Ол осыған байланысты жүргізушілерге күшейтілетін талаптар жайлы айтты.

«Осыған байланысты, интернет-агрегаторларды пайдаланатын жеке такси жүргізушілеріне (индрайвер, яндекс) рейс алдындағы медициналық және күнделікті автокөлікті тексеруге, жылына 2 рет - техникалық байқау өтуге міндеттеу ұсынылады, сондай-ақ жүргізушінің рульде 8 сағаттан артық болмауын қарастыру керек», - деді ол.

3 қазан, 12:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.