Атырау, 27 желтоқсан 07:56
 ашықВ Атырау +1
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Аяз және жаңбыр: 3 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

827 просмотра
Сурет: azh.kz / Елена Сүндетова

Қазгидромет 3 қазанда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, топырақ бетінде 1 градус аяз, күндіз 13-15 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауады. Шығыстан соғатын жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 19-21 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 23-25 градус жылы.

Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Ауыспалы бағыты секундына 5-10 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың солтүстігі мен шығысында 2 градус аяз, күндіз 11-16 градус жылы.

Алматы облысының оңтүстігінде жауын-шашын, облыстың шығысында аздап жауын жауады, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан шығысқа бұрылатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 8-13 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 2 градус аяздан 3 градус жылы, күндіз 18-23 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 8-13 градус жылы.

Түнде Жетісу облысының орталығы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын, облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз оңтүстік-шығыста, облыстың таулы аймақтарында жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 7-12 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 2 градус аяз - 3 градус жылы, күндіз 17-22 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 12 градус жылы.

Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз облыстың таулы асуларында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың таулы аймақтарында 5, күндіз 22-27, облыстың таулы аймақтарында 19 градус жылы.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстіктен 9-14, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың оңтүстігінде 13, күндіз 20-25 градус жылы.

Күндіз Атырау облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың шығысында 7, күндіз 20-25 градус.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде және солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, облыстың оңтүстігі мен солтүстігінде секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың шығысында 9, күндіз 24-29 градус жылы.

Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстіктен секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың солтүстік-шығысында 4 градус жылы, күндіз 15-20 градус жылы, облыстың батысында 23 градус жылы.

Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, облыстың солтүстік-шығысында аяз 2 градус жылы, күндіз 15-20 градус жылы.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 2-7, облыстың оңтүстігінде 10, күндіз 10-15, облыстың оңтүстігінде 18 градус жылы.

Ұлытау облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, күндіз 15-20 градус жылы.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, облыстың шығысында 2 градус жылы, күндіз 15-20 градус жылы, облыстың шығысында 10 градус жылы.

Абай облысының солтүстігінде, батысында және орталығында жаңбыр жауып, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 2-7, күндіз 12-17, облыстың оңтүстігінде 20 градус жылы.

Жамбыл облысының шығысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 7-12, облыстың таулы аймақтарында 3, күндіз 18-23, облыстың таулы аймақтарында 15 градус жылы.


3 қазан 2023, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.