Атырау, 29 қыркүйек 00:26
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстанның сегіз қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады

923 просмотра
Сурет: azh.kz / Елена Сүндетова

2 қазанда Қазақстанның сегіз қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер болжамы бойынша, дүйсенбіде Өскемен, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Алматы қалаларында, түнде Астана мен Петропавлда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

2 қазан 2023, 09:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.