Атырау, 29 қыркүйек 00:23
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Алаяқтар Қазпошта атынан жалған хабарламалар таратып жатыр

1 085 просмотра
Сурет: Kazpost.kz

Қазақстанда "Қазпошта" АҚ атынан жалған хабарлама таратып жатқан алаяқтар пайда болды. Олар хабарламада тұтынушылардың күмәнді сілтеме арқылы өтуін сұрайды, деп хабарлайды "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі.

"ҚР азаматтары мен "Қазпошта" клиенттеріне сәлемдемені жеткізуді тоқтату туралы хабарламалар жіберілуде. Өздерінің сәлемдемелерін төлеу және алу үшін алаяқтар күмәнді сілтеме бойынша өтуді ұсынады. Хабарламалар жалған электрондық пошта мекенжайларынан жіберілуде", делінген ресми хабарламада.

"Қазпошта" АҚ клиенттер мен онлайн-платформа пайдаланушыларын аса сақ болуға шақырады. Бұған дейін фишингтік сайттар арқылы онлайн-тауарларды жеткізу қызметтерін ұсынатын алаяқтық әрекеттер тіркелген. "Қазпошта" АҚ банк картасының нөмірі мен CVV кодын жарияламаған жөн деп ескертеді.

"Егер сіз фишингтік сайттағы сілтемені пайдалана отырып, тауарды жеткізу төлемін жасауды шешсеңіз, бұл шешім үшін өзіңіз жауапты боласыз. "Қазпошта" АҚ хабарламаларды тек 1499 ресми қысқа нөмірінен жолдайды", деп жазды "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі.

29 қыркүйек 2023, 08:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.