Атырау, 9 желтоқсан 05:54
 ашықВ Атырау -6
$ 457.61
€ 493.07
₽ 4.99

Азия ойындары: Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті медаль түсті

915 просмотра
freepik.com

Әсем Орынбай Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ұлттық олимпиада комтетінің хабарлауынша, Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті медаль түсті. «Стенд атудың скит бағдарламасында отандасымыз Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды. Ол финалда 45 мәрте нысананы дәл көздеді», - делінген хабарламада.

Алтын мен күміс медаль Қытай құрамасы спортшыларының еншісінде кетті.

Тағы бір Ұлттық құрама мергені Ольга Панарина ақтық сында 4-орын алды (34 ұпай).


27 қыркүйек, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.