Атырау, 27 қараша 05:39
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ителгі құсы контрабандасының жолы кесілді

968 просмотра

17 қыркүйекте Атырау қаласының әуежайында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның Қызыл кітабына енген 28 ителгі құсын контрабандалық жолмен шетелге шығармақ болған шетелдіктер мен ҚР азаматтарын ұстау бойынша арнайы операция жүргізді. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Қылмыстық пиғылы бойынша құстарды Таяу Шығыс елдерінің біріне жеткізуді жоспарлаған.

Ұйымдастырушылардың бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында ителгі құсын ұстауға арналған арнайы жабдықталған бөлме, оларды ұйықтатуға арналған медициналық препараттар табылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 3-бөлігі ("Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Келтірілген залалдың сомасы 200 млн теңгеден астам.

27 қыркүйек 2023, 08:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.