Атырау, 29 қыркүйек 02:29
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Астанада мектепте оқушы баспалдақтан құлады

715 просмотра

Елорданың Білім басқармасы бір күн бұрын баспалдақтан құлап кеткен мектеп-гимназия оқушысының жағдайына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Білім басқармасы мәліметінше, Астанадағы №14 мектеп-гимназиясының оқушысы екінші қабатқа көтеріліп бара жатып баспалдақтан құлап кеткен.

"Баланың айтуынша, оны сыныптасы итеріп жіберген. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылды. Бала қалалық балалар ауруханасында жатыр. Есін біледі, жағдайы тұрақты. Комаға түскен жоқ", - деп хабарлады ведомство.

Басқарма қызметкерлері мектеп баспалдақтары қоршаулармен жабдықталғанын түсіндірді. Қазір басқарма мектеп директорына қатысты шара қолдануды қарастырып жатыр.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде баспалдақтан құлаған баланың үш күн бойы комада жатқаны туралы ақпарат пайда болған.

25 қыркүйек 2023, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.