Атырау, 29 қыркүйек 02:32
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

​​Қазмұнайгаз басшысы АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілдерімен кездесті

862 просмотра
kmg.kz
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Америка Құрама Штаттарына сапары барысында АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілдерімен келіссөз жүргізді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. 

М.Мырзағалиев мемлекеттік хатшының көмекшісі, АҚШ Мемлекеттік департаментінің энергетикалық ресурстар бюросының халықаралық энергетикалық мәселелер жөніндегі арнайы өкілі және үйлестірушісі Джеффри Пайеттпен және мемлекеттік хатшының көмекшісі, АҚШ Мемлекеттік департаментінің Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі бюросының өкілі Дональд Лумен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасында энергетика және климаттың өзгеруімен күрес салаларындағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады.

«ҚазМұнайГаз» компаниясы үшін климаттың өзгеруі – маңызды мәселелердің бірі. Біз 2031 жылға дейін парник газдары шығарындысын (2019 жылғы деңгейден) 15%-ға төмендету туралы міндеттеме алдық. АҚШ үкіметіне бұл мәселедегі сындарлы диалог пен энергетика саласында орнаған серіктестік үшін алғыс білдірем», - деді М.Мырзағалиев Нью-Йорктегі кездесу барысында.

22 қыркүйек 2023, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.