Атырау, 14 қаңтар 05:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Қазақстанда күріш экспорты 10 пайызға артты

1 703 рет қаралды
сурет: freepik.com

Қазақстанда күріш импорты 3,5 есе өсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ұлттық статистика бюроысының мәліметінше, қаңтар-шілде айларында Қазақстанда жартылай ақталған немесе толық ақталған/тазартылған немесе уатылған 107,8 мың тонна күріш өндірілді. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,3%-ға аз.

«Өндіріс көлемінің төмендеуі аясында импорт аталған уақыт аралығында 3,5 есе, яғни 5,5 мыңнан 19,1 мың тоннаға дейін өсті. Бұл ретте импорт өнімінің үлес салмағы 15% құрады», - делінген статистикада.

Бұл ретте күріш экспорты да 9,9%-ға, 69,8 мың тоннаға дейін өсті (2022 жылғы қаңтар-шілде – 63,5 мың тонна).

Биылғы 7 айда ішкі нарықтағы сатылым 57 мың тоннаны құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 17,7% кем.


21 қыркүйек 2023, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.