Атырау, 29 қыркүйек 02:22
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Елімізде жемқор деп танылған азамат шенеунік болғысы келген

906 просмотра
Сурет: Алматы әкімдігі

Қазақстанда бұрынғы жемқор шенеунік болғысы келген. Ол Конституциялық сотқа шағым түсірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азамат "Сайлау туралы" Конституциялық заңның 4-бабы 4-тармағының 2) тармақшасын Конституцияға сәйкес келмейді деп тануды сұрады.

Өтініш авторы бұған дейін өзін Түркістан қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде ұсынған. Бірақ сайлау комиссиясының шешімімен арыз берушінің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылуы негізінде депутаттыққа кандидат ретінде тіркелуі жойылды.

"Сыбайлас жемқорлық конституциялық қауіпсіздікке елеулі қатер ретінде танылады. Ол азаматтардың конституциялық құқығы мен заңды мүддесіне, құқықтық тәртіп пен демократиялық негіздерге, экономикалық реформаларды жүргізуге кедергі келтіреді. Мемлекеттік аппараттың қызметіне және халықтың билікке сеніміне нұқсан келтіреді, оларды сайлауға қатысуға моральдық ынталандырудан айырады", – делінген Конституциялық сотта.

Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке төнетін басты қатерлердің бірі ретінде қарастырылатыны атап өтілді.

Конституциялық сот оның шағымын тексеру қорытындысы бойынша бұрын қабылданған шешімнің заңды екенін растады.

21 қыркүйек 2023, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.