Атырау, 26 маусым 06:38
 дождьВ Атырау +23.4
$ 485.40
€ 550.69
₽ 6.41

Халықаралық іздеуде жүрген күдікті қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды

1 363 рет қаралды
Бас прокуратураның видеосынан үзінді

9 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратура Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Түркия Республикасынан қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады.

"Ол құрылыс компанияларына тиесілі 1 миллиард теңгеге жуық, соның ішінде аурухана салуға арналған қаражатты ұрлады деген күдікке ілінген. Күдікті 2014 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Қазіргі кезде ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды", - деді Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай.

21 қыркүйек 2023, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.