Атырау, 29 қыркүйек 04:26
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Ақтауда әйел адам мүгедектігі бар жасөспірімді соққыға жыққан

969 просмотра
сүрет: lada.kz/видео кадры

Ақтау қаласында әйел адам мүгедектігі бар жасөспірімді соққыға жыққан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған. Белгілі болғандай, екеуідің жанжалы 34 шағынаудандағы №10 үйдің ауласында болған.

Желіде жарияланған видеода әйел мен жасөспірімнің бір-бірінің шашынан тартып жатқанын және айналасында басқа балалардың тұрғанын көруге болады.

Оқиғаға қатысты пікір білдірген Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 2023 жылғы 17 қыркүйекте сағат 18:28 шамасында «102» кезекшісінің пультіне көмек сұрап шақыру келіп түскенін хабарлады. Полицияға хабарласқан тұрғынның айтуынша, көршісі мүгедектігі бар қызын ұрып-соққан.

«Шақыруға шыққан учаскелік инспекторлар фактіні растады. Біреудің кәмелетке толмаған қызын ұрып-соққан 36 жастағы әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК 73-1-бабының 1-бөлігі және 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды», - деп хабарлады өңірдің ПД өкілдері.

19 қыркүйек 2023, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.