Атырау, 29 қыркүйек 04:18
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Ризабек Айтмұқан еркін күрестен әлем чемпионы атанды

1 054 просмотра
Сүрет: Спортты дамыту дирекциясы

Еркін күрестен 92 келі салмақта өнер көрсеткен Ризабек Айтмұқан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан финалда Осман Нурмагомедовпен кездесті.

Кездесу басынан балуандар бір-біріне лайықты қарсылық көрсетті. Әзербайжандық балуан әдіс қолданып, алғашқы ұпайын еншіледі. Одан кейін Ризабек әдіс қолданып, таразы басын теңестірді. Соңғы сәтте ол тағы айласын асырып, ұпайын арттырды.

Нәтижесінде Ризабек Айтмұқан қарсыласын 4:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды. 

19 қыркүйек 2023, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.