Атырау, 29 қыркүйек 04:26
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Алматыда «Еңбек» бағдарламасына бөлінген қаржының 370 млн теңгесі жымқырылған

820 просмотра
Сурет: azh.kz / Елена Сүндетова

Алматыда Еңбек» бағдарламасына бөлінген қаржыны ірі мөлшерде жымқыру дерегі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы қаласының прокуратурасы хабарлағандай, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын тексеру қорытындысы бойынша «Еңбек» бағдарламасы арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз етуге бюджеттен бөлінген қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

«Жұмыспен қамту орталығының мамандары азаматтарды жалған жұмысқа орналастыру, жалақыны жинау және жұмысқа орналастыруға жатпайтын адамдардың есеп шоттарына ақша аудару арқылы, жұмыс орындарын субсидиялауға бөлінген 370 млн теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктелді», - делінген ведомство хабарламасында.

Қылмыстық істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр.

18 қыркүйек 2023, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.