Атырау, 14 қаңтар 05:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 4 бала мен екі ересек адам қаза тапты

1 025 рет қаралды
сүрет: freepik.com

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол-көлік апатынан 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Полция мәліметінше, қайғылы оқиға 17 қыркүйекте сағат 19:30 шамасында Теректі ауданы Бекей кентінің жанында Самара – Шымкент республикалық маңызы бар автожолының 290-шақырымында болған.

«Ауыр жүк көлігі DAF фурасымен Lada Priora жеңіл көлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. ЖКО салдарынан 6 адам қаза тапты. Олар: 34 және 33 жастағы ересек адамдар, 11, 12, 5 және 1 жастағы кәмелетке толмаған балалар. Жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі зардап шекті», - деді патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Шыңғыс Бірманов.

Оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасап жатыр.

18 қыркүйек 2023, 09:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.