Атырау, 29 қыркүйек 04:30
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қайрат Боранбаевтың жазасын өтеу мерзімі 8 жылдан 6 жылға қысқарды

898 просмотра
Сурет: әлеуметтік желі

Қайрат Боранбаевтың жазасын өтеу мерзімі 8 жылдан 6 жылға қысқарды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Енді Боранбаев мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызметті атқару құқығынан айырылды.

Бұған дейін прокурор сотта Боранбаевты мүлкін тәркілей отырып, оны 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Астана қаласының прокуратурасы Қ.Боранбаевпен және басқа сотталушылармен «ҚазТрансГаз» АҚ-ның ақшалай қаражатын иемденіп (ҚК 189-бабының 4-бөлігі) және оларды заңдастыруға (ҚК 218-бабының 3-бөлігі) қатысты ісі бойынша кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасаған болатын. Заң бойынша мұндай келісімді жасаудың міндетті шарттары сотталушылардың ерікті түрде ерік білдіруі, олардың тағылған айыппен келісуі, дәлелдемелерге дау келтірмеуі, залалды мойындауы және жәбірленушінің келісімі болып табылады.

Сотталушылар кінәларын толық мойындауын және 14,5 млрд теңгенің залалын өтегенін ескеріп, жәбірленуші тараптардың келісімімен қала прокуратурасы процестік келісім жасау туралы шешім қабылдады.

Сот осы келісімге сәйкес шешім шығарды. Қайрат Боранбаев 6 жылға сотталды. 

Еске сала кетсек, биыл наурызда Сарыарқа аудандық №2 соты Қайрат Боранбаевты 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен еді. Алайда, кейін Астананың сот алқасы Боранбаевқа шыққан сот үкімінің күшін жойды. 

29 маусымда Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Боранбаевпен бірге сотталған Тайыр Жанұзақ пен Роман Нахановтың да үкімін өзгертіп, қайта қарау туралы шешім шығарды. Үкім күшінің жойылуына нақты айғақтың болмауы себеп болған.

15 қыркүйек 2023, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.