Атырау, 29 қыркүйек 04:26
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Оралда тергеу изоляторында тұтқындар әйелдер камерасына өткел жасап алған

1 053 просмотра
Сурет: istockphoto.com

Оралдағы тергеу изоляторда қамаудағы ер адамдар әйелдер камерасына өткізетін өткел жасап алған. Оқиғадан кейін кінәлі шенеуніктер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бұл деректі мекеме әкімшілігінің қызметкерлері биыл шілдеде анықтады. Қызметтік тергеу нәтижесінде кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді ҚАЖК баспасөз қызметі өкілі.

Сонымен қатар, мекеме әкімшілігі камера араларындағы бүлінген қабырғаларды жөндеген.

"Осындай тәртіпбұзушылықты болдырмау мақсатында әйел адамдарды ұстауға арналған камералар жеке блокқа ауыстырылды", - деп мәлімдеді ҚАЖК баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, БАҚ-та Оралдағы тергеу изоляторында түсірілген видео пайда болған еді. Кадрда ер адам қабырғадағы тесік арқылы басқа бөлмеге өткені көрінеді. Ролик авторының айтуынша, тұтқындағылар ескі қабырғаны тесіп, әйелдер камерасына кіріп жүрген.

15 қыркүйек 2023, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.