Атырау, 29 қыркүйек 04:32
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Таиланд Қазақстан азаматтары үшін уақытша визасыз режимді енгізеді

1 251 просмотра
Cүрет: freepik.com

Қазақстандықтар Таиландта 30 күн визасыз жүре алады, деп хабарлайды  Informburo.kz.

Екіжақты ынтымақтастықты нығайту және туризмді дамыту мақсатында Таиланд Корольдігінің Үкіметі 2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 29 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтары үшін уақытша визасыз режимді енгізеді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

Қазақстандықтар Таиландта 30 күнге дейін визасыз бола алады. Ұзақ сапарлар үшін тиісті визаны ресімдеу қажет.
Жарамды жол жүру құжаты ҚР азаматының паспорты болып танылады, оның қолданылу мерзімі шекараны өту кезінде 6 айдан асуы тиіс.


14 қыркүйек 2023, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.