Атырау, 29 қыркүйек 06:36
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қарағанды облысында бруцеллез ауруы өршіп жатыр 22

758 просмотра
сүрет: freepik.com

Қарағанды облысында үш ауыл ветеринариялық шектеуге ұшырады. Ауылдарда жануарлар арасында бруцеллез өршіп жатыр. Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, ауру адамдар арасында да бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Бруцеллез ауруы Мәди, Мыңбаев және Құсақ ауылдарында малдан табылды. Ветеринарлардың мәліметінше, тест екі апта сайын алынады, сынаманың дұрыстығы үшін екі рет тексеріледі. Ауылдардан ет және сүт өнімдерін шығаруға тыйым салынды. Жыл басынан бері 19 адам бруцеллезбен ауырған. Санитарлық дәрігерлер адамдар жоғары температураға, әлсіздікке, ұйқысыздыққа және белдің ауырсынуына шағымданатынын айтып алаңдайды. Дәрігерлер ауылшаруашылық өнімдерін ветеринарлық бақылауы бар дүкендер мен базарлардан сатып алуға шақырып, өнімдерді термиялық өңдеу қажет екенін айтты.

"Адамдардың 61,8 пайызында сүт өнімдерін термиялық өңдеусіз тағамға пайдалану және оларды жеке тұлғалардан сатып алу бруцеллезді жұқтыру көзі. Жағдайдың 38,2 пайызы – ауыл шаруашылығы жануарларын санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерді бұзып, жануарларды уақытылы зертханалық тексеруден өткізбегендіктен болды", - деді Қарағанды облысы санэпидбақылау департаментінің ресми өкілі Айгүл Шатекова.

Бұған дейін СҚО ауылда бруцеллезге байланысты шектеулер енгізілген еді.

12 қыркүйек 2023, 09:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.