Атырау, 24 желтоқсан 18:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Оқушыларға мектепке ұялы телефон әкелуге бола ма?

1 229 рет қаралды
сүрет: freepik.com

Оқу-ағарту министрлігі өкілі оқушылар мектепке ұялы телефон әкелуіне бола ма деген сұраққа жауап бердіі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, оқушылар мектепке ұялы телефон әкеле алады, бірақ оны сабақтан бос уақытта ғана пайдалануға болады.

Сондай-ақ, 2023 жылы наурызда НҚА сайтында білім министрінің бұйрығы шыққан еді.

"Смартфонды мұғалімнің шешімі бойынша сабақта қолдану қажеттігі тумаған жағдайда, білім алушылар мен педагогтар сабақта пайдаланбайды", - делінген бұйрық мәтінінде.

Екі жыл бұрын білім және ғылым экс-вице-министрі (қайта құрылған министрлік - еск.) Шолпан Каринова мектеп смартфонды пайдаланып-пайдаланбау туралы шешімді өз бетінше қабылдай алатынын мәлімдеген еді.

11 қыркүйек 2023, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.