Атырау, 29 қыркүйек 06:38
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі террористік актінің алдын алды

902 просмотра
Cүрет: wikipedia.org

Биыл Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі шабуылдың алдын алды. Олар Астанада және Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ҰҚК төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев Қазақстанда жыл сайын кем дегенде екі шабуылдың алдын алынатынын айтты.

"Биылдың өзінде ғана Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде дайындықтың бастапқы кезеңінде болған, қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен жасалатын жарылыстың, сондай-ақ, Астанадағы жұрт жиналатын орындарындағы қарулы шабуыл тоқтатылды", - деді ол Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының 40-кеңесінің ашылуында.


8 қыркүйек 2023, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.