Атырау, 14 қаңтар 02:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Бурабайда бес жұлдызды қонақүйдің қызметкерлері жаппай астан уланды

979 рет қаралды
Сурет: primeminister.kz

Бурабай курорттық аймағындағы ірі қонақүйдің 17 қызметкері астан ұшынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір 9 адам жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Қалғанының жағдайы қалыпты. Дәрігерлердің айтуынша, барлық науқасқа бактериялық ішек инфекциясы диагнозы қойылған. Қазір қонақ үйдің мейрамханасына жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр.  

Серік Омарханов, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары: 

- Қазір қонақүйдің мейрамханасынан су, тамақ өнімдері мен шайындылардан  40-қа жуық сынама алынып, зертханаға жіберіледі. Алғашқы қорытындысы 3 күн аралығында белгілі болады. Басқа қызметкерлерден әзірге шағым түскен жоқ.

8 қыркүйек 2023, 13:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.