Атырау, 29 қыркүйек 08:40
 ашықВ Атырау +25
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Бүгін еліміздің басым аумағында жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін

774 просмотра
Сурет:azh.kz / Елена Сүндетова

Синоптиктер 8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«ҚР басым бөлігінде бұрынғыша атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауып, найзағай болады. Тек елдің шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республика бойынша екпінді жел, республиканың оңтүстік-шығысының таулы аудандарында бұршақ жаууы мүмкін.

ҚР солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында тұман түсуі ықтимал.

Жамбыл, Қызылорда облысының орталығындаа, шығысында, оңтүстігінде, Атыраудың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде сақталып, Павлодар облысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.


8 қыркүйек 2023, 09:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.