Атырау, 23 шілде 19:41
 дождьВ Атырау +36.4
$ 467.65
€ 533.26
₽ 5.96

Министр қазақстандықтар қандай салықтан босатылатынын айтты

1 120 рет қаралды

Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының жолдауындағы тапсырмасына сәйкес Салық кодексінен қандай төлем түрлері алып тасталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бізде жүйе құрайтын екі-үш салық бар. Бұл корпоративті табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық және тау-кен салығы. Олар, әрине, қалады. Жарнамаға немесе тағы басқа нәрселер үшін алымдар қысқартылуы мүмкін", - деді қаржы министрі.

Премьер-министрдің орынбасары Үкімет деңгейіндегі талқылаудан кейін жақын арада барлық өзгеріс енгізілетін жаңа Салық кодексінің жобасы жарияланатынын айтты.

Айта кетейік, Президент 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында салық бақылауын толық цифрландыру және салық есеп нысандарын 30 пайызға қысқарту қажет екенін мәлімдеді.

6 қыркүйек 2023, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.