Атырау, 29 қыркүйек 08:27
 ашықВ Атырау +25
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

«48 мың теңге қарызы бар азамат өтініш берді»: Қазақстанда алғашқы банкроттар пайда болды

758 просмотра

Жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттыққа өтініштерін қабылдау 2023 жылдың 3 наурызында басталды. Заңға сәйкес жарты жыл өтті, ал 4 қыркүйекте алғашқы қазақстандықтар банкрот мәртебесін алды. Қазіргі уақытта олардың саны 302 субъектіні құрайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy 

Берілген өтініштер бойынша берешектің жалпы сомасы қазір банкроттарда шамамен 708,5 млн теңгені құрады. Яғни, бір адамға орта есеппен 2,3 млн теңгеден сәл артық.

Жалпы түскен түскен өтініштердің ішінде берешектің ең жоғары сомасы 106,5 млн теңгені құрады. Бұл өтініш Алматыда түскен.

Ал Қарағанды облысында кредиттер бойынша берешегі небәрі 48,5 мың теңгені құрайтын адам өз қалауы бойынша банкрот деп танылды.

5 қыркүйектегі жағдай бойынша «банкрот» деп танылуға өтініштердің басым бөлігі Алматыда. Бұл мәртебеге 51 адам ие болды, яғни жалпы санның алтыдан бірі. Бұдан әрі Қарағанды (34) және Алматы (24) облыстары орналасқан.

Жалпы, республиканың барлық аймақтарында банкроттар бар. Ең азы (әзірге, кем дегенде) – СҚО-да (3) және ШҚО-да (4).

Берешектің ең жоғары орташа сомасы Батыс Қазақстан облысында.

Ең төменгі орташа қарыз сомасы – Түркістан (883 мың теңге) және Абай (998,9 мың теңге) облыстарындағы банкроттарда.

Банкрот мәртебесін алған ең қарт қазақстандықтың жасы 64-те. Ең жасы - 23 жаста.

Мәртебеге ие болғандардың жартысына жуығы 1983-1991 жылдар аралығында дүниеге келген.

5 қыркүйектегі жағдай бойынша соттан тыс банкроттыққа барлығы 64,6 мың өтініш берілді. Бірақ басым көпшілігінің өтініштері (51,4 мың) қанағаттандырылмады.

6 қыркүйек 2023, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.