Атырау, 29 қыркүйек 08:38
 ашықВ Атырау +25
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Хакерлердің жаңа айласы: қазақстандықтардың жеке деректері ұрлануы мүмкін

646 просмотра

"Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ қазақстандықтарға хакерлердің жаңа айласы туралы ескертті, деп хабарлады Sputnik. 

Бүгінде мемлекеттік қызметті алуға өтінімге қол қою үшін NCALayer қосымшасы қолданылады.

Мемлекеттік техникалық қызмет осы бағдарламаның фишингтік hxxps://ncalayer.info/update.php интернет-ресурсын анықтаған. Сілтемені ашқан кезде NCALayer-ді жаңарту үшін "Trojan Downloader" зиянды бағдарламасы жүктеліп, іске қосылады.

"Салдарынан қаскөйлер пернетақтада терілген ақпаратты оқуға, парольдерді, соның ішінде браузерлерден ақпарат алуға, сондай-ақ үшінші тарап қолданбаларын орнатуға мүмкіндік алады", - деп мәлімдеді МТҚ.

"Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ мұндай бағдарламаларды жүктемеуге, орнатпауға және күдікті сілтемелерге өтпеуді сұрады.

"Бұл сіздің жеке ақпаратыңызға қауіп төндіруі мүмкін", - деп ескертті олар.

KZ-CERT домендік атаудың шетелдік тіркеушісіне қажетті шараларды қабылдау туралы ақпарат жолдады.

МТҚ атап өткендей, электронды цифрлық қолтаңба үшін қажет NCALayer бағдарламасын мына ресми интернет-ресурстен https://ncl.pki.gov.kz/kz/ орнатып алуға болады.

5 қыркүйек 2023, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.