Атырау, 29 қыркүйек 08:38
 ашықВ Атырау +25
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Теміржол билеттерінің онлайн сатылымы 75%-ға өсті

711 просмотра

Елімізде  жолаушылар пойызына электронды билеттер сату 76 пайызға өсті, деп хабарлайды  Egemen.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2023 жылдың 8 айында электронды теміржол билеттерін сату үлесі 76% дейін өсті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5% артық. Теміржол билеттерін онлайн режимінде bilet.railways.kz билеттерді сату жөніндегі ресми порталдан және «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ ТЖ билеттерін сату бойынша үшінші тараптың жеке интернет-сайттарынан сатып алуға болады.

Билеттерді сатып алу процесі ашық, сондықтан билеттерді қайта сатумен байланысты заңсыз әрекеттерді жасау мүмкін емес», делінген хабарламада.

Билеттерді сатудың қолданыстағы электрондық жүйесі пайдаланушыларға билеттерді қайта ресімдеуге мүмкіндік бермейді. 

5 қыркүйек 2023, 13:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.