Атырау, 29 қыркүйек 08:39
 ашықВ Атырау +25
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Ерлан Нысанбаев экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды

562 просмотра

Мәжіліс Ерлан Нысанбаевтың экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына кандидатурасына келісіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге салайық, бұған дейін экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін Зульфия Сүлейменова басқарған болатын.

Ерлан Нысанбаев 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылы бастаған. Түрлі жылдары коммерциялық сектор мен мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеді.

2014-2019 жж. – ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі.

2019 жылғы шілдеден бастап қазірге дейін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.

5 қыркүйек 2023, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.