Атырау, 29 қыркүйек 10:32
 ашықВ Атырау +25
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

ТЖМ қызметкерлері WhatsApp арқылы министрмен тікелей байланыса алады

374 просмотра

«WhatsApp» мессенджерінде Төтенше жағдайлар министрінің жеке құрамға арналған телефон нөмері іске қосылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомствоның баспасөз қызметінің  мәліметінше, 4 қыркүйектен бастап «WhatsApp» мессенджерінде Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың ТЖ министрлігінің жеке құрамына арналған тікелей телефон нөмері іске қосылып, жұмысын бастады.

«ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сонымен қатар азаматтық қорғау органдарының ардагерлері + 7 747 651 75 88 нөмірі бойынша жедел және шұғыл шешімді талап ететін өздерін қызықтыратын және проблемалық сұрақтарды министрге тікелей жолдауларына болады», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Сұрақ мәселенің түпкі негізін көрсететін нақты және түсінікті болуы қажет. Хабарламаны жіберген кезде өзі туралы деректерді: аты-жөні мен лауазымын, тұрғылықты өңірді көрсету қажет.

4 қыркүйек 2023, 08:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.