Атырау, 29 қыркүйек 10:20
 ашықВ Атырау +25
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Бүгін еліміздің басым аумағында жаңбыр жауады

617 просмотра

Синоптиктер 4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады. Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) болады. Тек еліміздің батысында ашық, жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Республика бойынша найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ жауады. ҚР солтүстік-батысында, солтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында тұман түсуі мүмкін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында  төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстігінде, Павлодар, Қарағанды облысының оңтүстігінде Ұлытау облысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында  жоғары өрт қаупі сақталады.


4 қыркүйек 2023, 08:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.