Атырау, 29 қыркүйек 10:31
 ашықВ Атырау +25
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстанда коммуналдық қызметтерге жаңа тарифтік саясат енгізіледі

779 просмотра

Қазақстанға тариф саясатын түбегейлі қайта қарау қажет, деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, - деп хабарлайды АқОрда.

"Тариф саясатын түбегейлі қайта қарау, тариф белгілеудің жаңа әдістемесін енгізу және инвесторлардың қызығушылығын арттыру қажет. Табиғи монополия субъектілерінің бәріне 5-7 жылға дейін көңілге қонымды нарықтық тариф енгізген жөн. Яғни, баға тұрақты болса, инвестицияны нақты жоспарлауға мүмкіндік туады.

Қаржы ұйымдары да кәсіпорындарға нық сеніммен несие бере алады. Сонымен қатар. монополистердің жауапкершілігін едәуір арттыру қажет. Бұл салаға цифрлық бақылау тәсілдері енгізіледі. Сол арқылы азаматтарымыз тарифтік смета және инвестициялық бағдарламалар туралы ақпарат алады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


1 қыркүйек 2023, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.