Атырау, 19 ақпан 10:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.30
€ 578.94
₽ 6.38

Тоқаев Көлік министрлігін қайта құрған жөн екенін айтты

790 рет қаралды

Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көлік министрлігін қайтаруды тапсырды, - деп хабарлайды АқОрда.

Мемлекет басшысы Қазақстан Еуразия құрлығындағы басты транзит хабы ретіндегі рөлін арттыруы керек екенін айтты.

"Осылайша, уақыт өте келе көлік-логистика саласындағы ірі мемлекетке айналуымыз қажет. Көлік-логистика саласын қарқынды дамыту – бұл стратегиялық міндет. Үш жыл ішінде оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі кемінде 9 пайызға жетуге тиіс.

Ол үшін саланы тиімді басқару өте маңызды. Сондықтан Көлік министрлігін қайта құрған жөн. Бұл министрлік жол инфрақұрылымын салумен де айналысады", - деді Тоқаев.


1 қыркүйек 2023, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.