Атырау, 29 қыркүйек 10:16
 ашықВ Атырау +25
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Астана әкімдігі Максим Галкиннің концертіне қатысты мәлімдеме жасады

712 просмотра

Әлеуметтік желіде ресейлік тележүргізуші, шоумен Максим Галкиннің видеосы тарады. Оның айтуынша, Қазақстан билігі өнер жұлдызының Алматы мен Астанада концерт өткізуіне мүмкіндік бермей отыр. Осыған орай Астана қаласының мәдениет басқармасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы 1 наурызда Астана қаласының мәдениет басқармасына 8 қазанда Роза Бағланова атындағы «Қазақстан» орталық концерт залында Максим Галкиннің кешін өткізу жөнінде хат келді. Оны жолдаған - «TopBilet» ЖК директоры Р. Асланов. Хат нөмірі - № 271. 8 қазанда мұғалімдер күніне арналған концерт өткізілетіндіктен кешті ұйымдастырушыларға басқа күнді немесе басқа ғимаратты таңдау ұсынылды. Ұйымдастырушылардан бұдан басқа хат түскен жоқ» деп атап өтті басқарма.

Осыған қарамастан мекеме Максим Галкинге көмекке келуге дайын.

«Ұстаздар күніне арналған концертті басқа концерттік залда өткізу жоспарланғанын ескере отырып, ұйымдастырушылар қайта жүгінген жағдайда тиісті заңнамаға сәйкес Максим Галкиннің кешін өткізу мүмкіндігін қарастыруға дайынбыз» дейді ведомстводан.

31 тамыз 2023, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.