Атырау, 29 қыркүйек 10:15
 ашықВ Атырау +25
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан күзгі-қысқы маусымда электр энергиясын жеткізуді келісті

630 просмотра

Жақында Астанада Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстанның энергетикалық және су шаруашылығы ведомстволары өкілдері кездесіп, алдағы күзгі-қысқы маусымда электр энергиясын жеткізу мәселесін талқылады деп хабарлады Қазақстан энергетика министрлігінің баспасөз қызметі, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Кездесу барысында тараптар бірқатар өзара келісімдер жасалып, алдағы уақытта жеткізілетін электр энергиясының көлемі мен шарттары анықталды деп хабарлады жергілікті басылымдар.

Бұған қоса жетекшілер электр энергиясын сағат сайын есепке алуды жүргізу тетігін енгізу мүмкіндігін пысықтауға, жоспардан тыс ағындарды реттеуге арналған шарттардың қолданыстағы талаптарын қайта қарауға және осы жөнінде жаңа шарттар жасасуға келіскен.

Энергетика министрлігінің дерегінше, кездесу аясында трансшекаралық гидроэнергия жобаларын, мысалы, "Қамбар ата – 1" су электр станциясы жобасын іске асыру мен су және энергетика ресурстары салаларында байланыстарды нығайту жайы талқыланған.

Келесі кездесу 2023 жылдың қарашасында Бішкекте өтпек.

Тамыздың ортасында Бішкекке Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов бастаған делегация барып, Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық туралы үкіметаралық бірлескен комиссияның 10-отырысына қатысқан. Келіссөз барысында Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров Қырғызстан күрделі су-энергетика мәселелері бойынша келіссөздерді аймақтағы елдердің мүдделерін ескере отырып жанжақты әрі конструктивті жүргізуге әрқашан ашық деп мәлімдеген. "Су Орталық Азияда біріктіретін фактор бола алады және болуы керек, аймақтағы мемлекеттердің барлығының тұрақты дамуы суды кешенді пайдалануға тәуелді" деген ол.

Бекітілген келісімге сәйкес, "Қамбар ата – 1" су электр станциясын Қырғызстан, Қазақстан мен Өзбекстан бірге салуға тиіс. Үш ел қойған "Жол картасында" нысанды басқаратын бірлескен компания құру көзделген. Су электр станциясын басқартын нысанның акцияларының 34 % Қырғызстанға тиесілі болады. Қазақстан мен Өзбекстан қалған 66 % иелік етеді (әрқайсысы – 33%). Жобаға дайындық басталып кетті, бірақ оның нақты іске асатын мерзімі әлі жарияланған жоқ.

31 тамыз 2023, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.