Атырау, 29 қыркүйек 10:18
 ашықВ Атырау +25
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Ауа райы болжамы: Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

487 просмотра

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2023 жылдың 31 тамызы мен 2 қыркүйегі аралығында Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауады.

"Алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін", - деп хабарлайды "Қазгидромет".

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, ауа температурасыныңтөмендеуі күтіледі.

Республиканың солтүстігінде ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 10-18 градус болады.

Тек Қазақстанның батысында жоғары атмосфералық қысым өрісі әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, сондай-ақ ауа температурасы күндіз 25-30 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі.


31 тамыз 2023, 09:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.