Атырау, 29 қыркүйек 10:31
 ашықВ Атырау +25
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстандықтар көбіне қай елге ақша аударады

1 117 просмотра

2023 жылдың шілде айында Қазақстаннан шетелге 88,6 млрд теңге аударылған. Қаражаттың басым бөлігі Өзбекстан мен Ресейге жөнелтілген, деп хабарлайды Информбюро.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2023 жылдың шілде айында Қазақстаннан шетелге 88,6 млрд теңге аударылған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңінде 86,7 млрд теңге болған.

Ақшаның басым бөлігі – 32,3 млрд теңге Өзбекстанға аударылған. Аударым деңгейі 2022 жылмен 4% төмендегені байқалады. Ал, екінші орында Ресей тұр, ол жаққа 19,9 млрд теңге (+27,5%) аударылған. Үшінші орында Түркия. Бұл мемлекетке 16,2 млрд теңге аударылған.
Ал Қазақстанға шетелден 24,1 млрд теңге көлемінде қаражат түскен. Өткен жылдың шілде айында бұл көрсеткіш – 88,2 млрд теңге болған.
Қаражаттың басым бөлігі Ресейден – 7,9 млрд теңге (-7 есе), Оңтүстік Кореядан – 3,1 млрд теңге (-6,06%), АҚШ-тан – 2,9 млрд теңге (-19,4%), Өзбекстаннан – 2,5 млрд теңге (-32,4%). %), Германиядан – 1,5 млрд теңге (+7,1%) түскен.

29 тамыз 2023, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.