Атырау, 23 маусым 22:31
 дождьВ Атырау +27.9
$ 487.01
€ 557.87
₽ 6.59

Энергетика министрлігі миллион теңгеге орындық сатып алғанын түсіндірді

1 148 рет қаралды

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 29 тамызда үкімет отырысында министрліктің неліктен 1 миллион теңгеге орындық сатып алғанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алмасадам Сәтқалиев бұл сатып алудан сенсациялық ештеңе көрмейтінін айтты.

"Бұл жерде ненің соншалықты сенсация екенін білмеймін. Министрлік қызметкерлеріне 15 креслоны 1 миллионға сатып алдық. Орындығы бұзылғандарына алдық. Олар жай ғана ауыстырылды. Бір орындық 75 мың теңге болып шықты", - деді министр.

Энергетика министрінің айтуынша, министрліктің орындықтары кейінгі тоғыз жылда ауыстырылмаған және бұл сатып алу алдын ала жоспарланған.

"Бұл - жай ғана кәжеттік. Бұрынғысы істен шығып, алу кажет болды", - деп түйді Алмасадам Сәтқалиев.

12 қаңтарда Семейде мемлекеттік сатып алу құны 1 млрд теңгеге асыра бағаланғаны хабарланған еді.

29 тамыз 2023, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.