Атырау, 29 қыркүйек 12:27
 ашықВ Атырау +18
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Рөлі оң жағында орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салынады

789 просмотра

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанға рөлі оң жағында орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik

Ведомство "Рульдік басқару және олардың шанақтары оң жақта орналасқан жеңіл автомобильдердің жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" бұйрықтың жобасын дайындады.

Бұйрыққа сәйкес тыйымды 6 ай мерзімге енгізу қарастырылған.

Жоба 2023 жылдың 13 қыркүйегіне дейін қоғамдық талқылауда болады.

Заң жобасының орындалуын Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп бақылайды. Бұған дейін Қазақстанда рөлі оң жағында орналасқан көліктерді әкелуге 2006 жылы тыйым салынған болатын.

29 тамыз 2023, 13:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.