Атырау, 29 қыркүйек 12:35
 ашықВ Атырау +18
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Шымкент мұнай өңдеу зауытында АИ-95 маркалы бензині қайта өндіріле бастады

682 просмотра

Шымкент мұнай өңдеу зауыты жоғары октанды АИ-95 жанармайын өндіруді қайта бастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Уақытша шектеулер каталитикалық риформинг құрылғысындағы LANPEC жылу алмастырғышында анықталған ақауға байланысты болған еді.

Energy Monitor Telegram-арнасының мәліметінше, қазіргі уақытта бұл мәселе шешілген.

«25 тамызда АИ-92 маркалы бензин өндірісі қысқартылмай, 5,8 мың тонна көлемінде шығарылды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ апатты жылу алмастырғыш 2024 жылдың ақпанында толығымен ауыстырылатыны белгілі болды.

Еске салсақ, бұған дейін «ҚазМұнайГаз» компаниясы Шымкенттегі зауыт АИ-95 өндірісін жалғастыруға тырысып жатқанымен, әлі біраз уақыт күш салып жұмыс істей алмайтынын мәлімдеген еді.

29 тамыз 2023, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.